Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тбилисиде өтетін турнирге қатысады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызДзюдодан Қазақстан құрамасы кезекті әлемдік "Grand Slam" жарысына қатысады.
26-28 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилиси қаласында IJF World Judo Tour кезеңі аясында кезекті әлемдік "Grand Slam" турнирі өтеді.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасынан 15 татами шебері қатысады.
Ерлер:
60 келі: Бауыржан Жауынтаев, Тоқтар Үмітәлиев;
66 келі: Айболат Ыстыбай, Ғұмар Қырғызбаев;
73 келі: Данияр Шамшаев;
81 келі: Руслан Мусаев, Дидар Хамза;
90 келі: Ислам Бозбаев;
100 келі: Сұңғат Закарияев;
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай.
Әйелдер:
52 келі: Меруерт Сәрсенова;
57 келі: Севара Нишанбаева;
70 келі: Жанар Қашқын;
78 келіден жоғары: Назгүл Маратова.