Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды
![Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар белгілі болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202103/203991_9ba1c35994939557efccc1789137ff26.jpg?v=28668054)
Еуропа лигасының барлық ширек финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің 1/8 финалынан «Вильярреал», «Аякс», «Манчестер Юнайтед», прагалақы «Славия», Арсенал», «Рома», загребтік «Динамо» және «Гранада» өтті.
Турнирдің ширек және жартылай финалына жеребе тарту рәсімі 19 наурызда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтеді. Бірінші ширек финалдық кездесулер 8 сәуірде өтеді. Қарымта кездесулер 15 сәуірге жоспарланған.
Турнирдің қазіргі жеңімпазы - «Севилья» командасы.