Ауыр атлетика

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Бәсекелестік атмосфераны сағындық

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Бәсекелестік атмосфераны сағындық
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов Азия чемпионатына дайындық жайлы айтып берді.

17-25 сәуір аралығында Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа 17 спортшымыз қатысады.

– Дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Құрама Ташкентке ұшуға дейін, Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынында болады. Алдағы Азия чемпионатына спортшылар тізіміне үздік атлеттер енді, олар оны өткен ел біріншілігінде растады. Көбінің халықаралық жарыстарда өнер көрсету тәжірибесі бар, бірақ бұл бірінші тәжірибесі барлар да бар – бұл Омарова Аиша (Қарағанды), Дроздов Алексей (Алматы облысы) және Уваров Александр (Шымкент).

Құрама да, жаттықтырушылар құрамы да бұл жарысты асыға күтуде, өйткені бұл бір жылдан кейінгі алғашқы оффлайн турнир. Біз бәсекелестік атмосфераны қатты сағындық, оны ешқандай қашықтық форматтағы жарыс алмастыра алмайды. Балалар байсалды, өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетуге тырысады, бірақ біздің мақсатымыз – 2021 Олимпиадасына лицензия алу екенін ұмытпаған жөн.

Токиоға жолдама алуға негізгі үміткерлер-әйелдер арасынан Зульфия Чиншанло мен Раушан Мешитханова, ерлер арасынан Ибрагим Берсанов пен Игорь Сон. Маусым айында біліктілік кезеңі аяқталғаннан кейін, кімнің баратынын білеміз, - деді жаттықтырушы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер