Жеңіл атлетика

Рыпакова Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Рыпакова Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

16 наурызда Altay Athletics клубының капитаны, үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Белек қаласындағы (Түркия) Gloria Sports Arena-да оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Altayproteam.kz сайты хабарлады.

Спортшы голландиялық маман Хенк Крайенхофтің жетекшілігімен жаттығады. Токио Олимпиадасына дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиыны 6 мамырға дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, Ольга Рыпакова 2019 жылы Алматыда өткен Қазақстан Кубогында Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер