«Челси» Чемпиондар лигасының ширекфиналына шықты

«Челси» Чемпиондар лигасының ширекфиналына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Лондондық «Челси» Чемпиондар лигасының ширекфиналына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/8 финалында лондондық клуб мадридтік «Атлетикомен» кездескен. Испаниядағы алғашқы ойында «Челси» 1:0 есебімен жеңген еді.

Қарымта ойында да ағылшындар жеңіске жетті. Бірінші таймда Хаким Зиеш алаң иелерін алға шығарған. Матч соңында Эмерсон гол соғып, есепті 2:0 қылды. Осылайша, «Челси» мадридтік клубты екі матч нәтижесі бойынша 3:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының ширекфиналына жолдама алды.

«Челси» (Лондон, Англия) – «Атлетико» (Мадрид, Испания) 2:0 (1:0). Бірінші матч – 1:0
Голдар:
1:0 – Зиеш (34), 2:0 – Эмерсон (90+4)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер