Әлем футболы

Арсен Венгер: Көктем-күз – ең ыңғайлы күнтізбе

Арсен Венгер: Көктем-күз – ең ыңғайлы күнтізбе
news-banner7
mobile-news-top

ФИФА-да жұмыс істейтін «Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер чемпионаттардың өтетін мерзіміне қатысты пікірін айтты.

«Менің бір арманым бар. Жапонияда жұмыс істеп жүргенімде наурыздан бастап қарашаға дейін ойнайтынбыз. Бұл ең ыңғайлы күнтізбе. Мұндайда «2018/19 жылғы маусымның чемпионы» деген болмайды. Тек 2018 не 2019 жылы чемпион болды дейді.

Футбол күнтізбесін бастан-аяқ қарап шығуды ойлап жүрмін. Инфантино екеуміз футбол әлемінің басты адамдарымен кездесіп, осы жөнінде ақылдассақ дейміз», – деді Венгер.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты да Азияның көп елдері секілді көктем-күз жүйесі бойынша өтеді. Турнир наурызда бастауын алып, күздің соңғы айында аяқталады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер