ММА

OCTAGON 17 турнирінің проморолигі жарияланды

OCTAGON 17 турнирінің проморолигі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

OCTAGON промоушенінің баспасөз қызметі OCTAGON 17 турнирінің промролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Турнир 17 наурызда Алматыда көрерменсіз өтеді. кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (5-0) пен Айболат Мұратұлы (2-2) кездеседі. Бұл жекпе-жекте аса ауыр салмақтағы (93 келі) чемпиондық атақ сарапқа салынады.

Турнирдің негізгі жекпе-жегінде Ұлан Тамғабаев (6-5) өзбекстандық Абдул-Азиз Сотволдиевпен (2-1) жұдырықтасады.

Бұрынғы OCTAGON чемпионы Алтынбек Мағаз (7-1) негізгі кардтың үшінші жекпе-жегінде Арген Маликовпен (4-2) кездеседі.

Кештің толық кардын мына сілтеме арқылы көруге болады.

OCTAGON 17 турнирі Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де өтеді. Тікелей трансляциясы Setanta Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ OCTAGON TV Youtube арнасында көрсетеледі.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер