Командалық

Баскетбол: Қазақстан кубогының финалында «Астана» «Тобылды» жеңді

Баскетбол: Қазақстан кубогының финалында «Астана» «Тобылды» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

16 наурызда баскетболдан ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогы аяқталды. Финалдық кездесуде «Астана» «Тобылды» жеңіп, тоғызыншы рет кубокты жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» мен «Тобыл» қатарынан екінші рет Қазақстан Республикасы Кубогының финалында кездесті. Елордалық команда 92:66 есебімен басым түсті.

Үшінші орын үшін матчта «Атырау Барыстары» «Каспийді» 71:56 есебімен жеңді.

5-6 позиция үшін ойында «Ақтөбе» 88:75 есебімен «Алматы Легионын» жеңіп, бесінші болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер