Велоспорт

«Париж - Ницца» велобәйгесі: Власов екінші орын алды

«Париж - Ницца» велобәйгесі: Власов екінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Францияның «Париж - Ницца» автожолдарындағы көпкүндік веложарыстың соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

8 кезеңнің жеңімпазы EF Education-Nippo командасының даттық велошабандозы Магнус Корт болды, екінші орынды Кристоф Лапорте (Cofidis), үшінші орынды Пьер Латур (Team Total Direct Energie) иеленді. «Астана» сапынан Йон Исагирре мәре сызығын жетінші болып кесті.

Астаналық велошабандоз Александр Власов жалпы есепте екінші орын алды.

Велоспорт. «Париж - Ницца» (Франция).

8 кезең.

1. Магнус Корт (EF Education-Nippo) - 2:16:58

2. Кристоф Ляпорт (Cofidis)

3. Пьер Латур (Team Total Direct Energie)

...7. Йон Исагирре («Астана»)

Жалпы есеп:

1. Максимилиан Шахман (BORA-hansgrohe) - 28:49:51

2. Александр Власов («Астана») - +0:19

3. Йон Исагирре («Астана») - +0:23

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер