Әлем футболы

Қазақстандық футболшы Беларусь чемпионатының бірінші турында екі нәтижелі пас берді

Қазақстандық футболшы Беларусь чемпионатының бірінші турында екі нәтижелі пас берді
news-banner7
mobile-news-top

«Энергетика-БГУ» сапында ойнайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев Беларусь чемпионатының бірінші турында екі нәтижелі пас берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Энергетика-БГУ» өз алаңында «Сморгоньді» қабылдап, 3:0 есебімен тас-талқан етті. Владислав Васильев 32-минутта Артем Шкурдюкке, 77-минутта Артем Васильевке нәтижелі пас берді.

Осылайша, осы ірі жеңісінен соң «Энергетик-БГУ» турнир кестесінде көш бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер