Айдос Ербосынұлы титулдық жекпе-жек өткізеді
![Айдос Ербосынұлы титулдық жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202103/201131_105c05543c0fa9b92a6f35b9f3ccbec6.jpg?v=28665580)
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатынын мәлімдеді.
Ол келесі жекпе-жегін 28 наурызда Квебекте (Канада) өткізеді. Ербосынұлының қарсыласы канадалық Тим Кронин (12-5-2, 3 КО) болады, ал қазақстандық WBC Asia, WBA International және WBO Global-ға тиесілі супер орта салмақтағы барлық үш чемпиондық белбеу үшін күреседі.
Жекпе-жек он раундқа есептелген. Соңғы өткізген жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы желтоқсан айында ганалық боксшы Исса Самирмен (19-1, 16 КО) рингке шығып, оны үшінші раундта нокаутқа жіберді. Сол жекпе-жекте Ербосынұлы өзінің барлық үш титулын сәтті қорғап шыққан болатын.