русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирдің финалына шықты

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирдің финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Кельн қаласында бокстан халықаралық турнирінің финалына шыққан қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың кезекті күнінде 52 келіде Сәкен Бибосынов жартылай финалда қарсыласының шаршы алаңға шықпауы себепті финалға жолдама алды.

Ағайынды Айбек пен Нұрбек жарыстағы жеңісті жолын жалғастырып келе жатыр. Айбек 81 келіде, Нұрбек 91 келіде финалда жұдырықтасады. 57 келіде Оразбек Асылқұлов жартылай финалда кезекті қарсыласын ұтып, финалға шықты.

Сонымен қатар, жарыстың кешкі сессиясында құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабай (+91 кг) мен Ертуған Зейнуллинов (63 кг) алтын үшін жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;