русский язык
Бокс

Ербосынұлы келесі жекпе-жегін 28 наурызда өткізеді

Ербосынұлы келесі жекпе-жегін 28 наурызда өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) рингке қашан оралатынын белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық келесі жекпе-жегі 28 наурызда Квебекте (Канада) өтеді. Ол канадалық Тим Кронинмен (12-5-2, 3 КО) жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жекте Ербосынұлына тиесілі WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеулері сарапқа салынады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында өткіді. Онда жерлесіміз ганалық Исса Самирді нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;