русский язык
Бокс

Үш боксшымыз финалда: Германияда халықаралық турнир жалғасып жатыр

Үш боксшымыз финалда: Германияда халықаралық турнир жалғасып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы финалистер анықталды деп жазады Olympic.kz.

52 келідегі Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы, венгриялық боксшы кездесуге шығудан бас тартты. Осыған орай, Бибосынов автоматты түрде турнирдің финалына жолдама алды. Сондай-ақ, ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай да бәсекенің бас жүлдесіне таласады.

81 келіде жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай мен 91 келідегі Айбек Оралбай германиялық қарсыластарын жеңіп, финалға өтті. Бұл күндізгі сессияның қорытындысы.

Кешкі сессияда Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнулинов (63 келі) және Қамшыбек Қоңқабай (+91 келі) шаршы алаңға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;