Әділбек Ниязымбетов Ақтауда спорт мектебін басқарады

Әділбек Ниязымбетов Ақтауда спорт мектебін басқарады
2012 және 2016 жылдағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері , әлемнің вице-чемпионы Әділбек Ниязымбетов Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> тілшісі</span> Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әділбек Ниязымбетов 1989 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 
Еңбек жолын 2014 жылы «Маңғыстау бокс клубында» нұсқаушы болып бастаған. 2019 жылдан бері Нұр-Сұлтандағы Олимпиада орталығында қызмет еткен.
2020 жылдан бері Шоқыр Бөлтекұлы атындағы жоғары спорт жетістіктері мектебі директорының орынбасары болды. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или