ММА

Алмабаев коронавирус жұқтырды

Алмабаев коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы NFC чемпионы Асу Алмабаевтан (12-2) коронавирус анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Алмабаев өзінің Instagram парақшасында өзі мәлімдеді.

Оның айтуынша, Бахрейн әуежайынан шыққаннан кейін тапсырған коронавирус сынағы оң нәтиже көрсеткен. Ол енді сондағы қонақ үйлердің бірінде он күндік карантиннен өтеді.

Файтер енді BRAVE CF 47 турниріне қатыспайды. Ол аталған кеште қырғызстандық Рысқұлбек Ибраимовпен жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер