Бокс

IBF рейтингісі: Ербосынұлы титулды жекпе-жекке жақын

IBF рейтингісі: Ербосынұлы титулды жекпе-жекке жақын
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингісі жаңартылды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандықтар арасында cупер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы рейтингте ең жоғары орында тұр. Ол төртінші сатыға жайғасқан. Бұл салмақтағы IBF чемпионы - америкалық Калеб Плант. Егер Ербосынұлы өзінен бір саты жоғары тұрған ресейлік Евгений Шведенкомен жекпе-жек өткізсе, бұл жұптың жеңімпазы чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанады.

Орта салмақтың чемпионы - Геннадий Головкин. Бұл салмақтағы ТОП-15 тізімге үшін бірдей қазақстандық боксшы енген. Атап айтқанда, Мейірім Нұрсұлтанов 9-орында, Жәнібек Әлімханұлы 11-орында, ал Қанат Ислам 14-орында тұр.

IBF Inter-Continental титулының иегері Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта алғашқы ондыққа енді. Олимпиада чемпионы қазір сегізінші орында тұр. Бұл салмақтың чемпионы америкалық кіші Эррол Спенс.

Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев сегізінші орында тұр. Бұл дивизионда IBF белбеуі британиялық Джош Тейлорға тиесілі.

WBA рейтингісі: Үздік ондыққа Ербосынұлы ғана енді

WBC рейтингі: Әлімханұлы мен Жүкембаев үздік ондыққа кірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер