Командалық

Гандболдан ел құрамасы рейтингтік турнирге дайындықты бастады

Гандболдан ел құрамасы рейтингтік турнирге дайындықты бастады
news-banner7
mobile-news-top

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингтік турнирге қызу дайындықты бастады, деп хабарлайды ҰОК сайты.

Ел құрамасы бүгінде Алматы қаласында орналасқан "Достық" спорт кешенінде шеберліктерін шыңдап жатыр. Кезекті оқу-жаттығу жиынының мақсаты - олимпиадаға іріктеу жарысында жақсы нәтижеге қол жеткізу.

Аталған жаттығу жиынына ұлттық құрама сапынан 22 спортшы қатысып жатыр. Жаттығу жиыны 15 наурызға дейін созылады.

Айта кетерлігі, іріктеу жарысы 19-21 наурыз аралығында Венгрияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер