Бокс

Головкин мен Мунгия мамырда жұдырықтаспайды: мексикалық басқа қарсылас тапты

Головкин мен Мунгия мамырда жұдырықтаспайды: мексикалық басқа қарсылас тапты
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегінде бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жұдырықтаспайды, - деп хабарлайды ESPN.

Биыл мамырда Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін болған Мунгия 24 сәуірде рингке оралады. Ол Головкиннің орнына, америкалық Димитриус Баллардпен (26-0-1, 13 КО) кездеседі.

Бұған дейін инсайдерлер Мунгия мен Головкиннің командалары келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген еді, кейбірі командалар 7 мамырда жекпе-жек өткізуге келіскенін де хабарлаған. Енді бұл жекпе-жек таяу уақытта өтпейтін болды.

Еске салайық, Мунгия кейінгі жекпе-жегін былтыр қазанда өткізіп, багамалық Туреано Джонсонды (21-3-1, 15 KO) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал Головкин желтоқсанда поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атағын 21-рет қорғап қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер