Футзал

Футзалдан ЕУРО-2022 іріктеуі: Хорватия мен Словакия ірі есеппен жеңді

Футзалдан ЕУРО-2022 іріктеуі: Хорватия мен Словакия ірі есеппен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өтті, деп хабалайды Prosports.kz.

1-топтың жеңімпазы анықталды. Хорватия құрамасы Запорожьеде Украинаны 7:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын бірінші орын алды. Енді Украина, Дания мен Албания екінші орынға таласады.

Украина – Хорватия 2:7 (2:2)
Голдар:
Шотурма (11, пен), Зварыч (12) – Матошевич (9), Маринович (15, 23, 35), Еловчич (31), Каньюх (32), Сухов (39,автогол)
Топ кестесі: 1. Хорватия – 12 (4 ойын), 2. Украина – 3 (3), 3. Дания – 3 (3), 4. Албания – 3 (4)

Ал 3-топ матчында Словакия сырт алаңда Грекияны тас-талқан етті – 5:0. Осы жеңістен кейін словактар топта екінші орынға шықты.

Грекия – Словакия 0:5 (0:2)
Голдар:
Драговски (3), Рафай (17), Рицк (29), Затевич (29), Сербин (29)
Топ кестесі: 1. Әзербайжан – 9 (3), 2. Словакия – 7 (4), 3. Молдова – 4 (3), 4. Грекия – 0 (4)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер