ММА

OCTAGON 17. Қасым Әнуарбек - Довуд Эмомов жекпе-жегінің постері жарияланды

OCTAGON 17. Қасым Әнуарбек - Довуд Эмомов жекпе-жегінің постері жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қасым Әнуарбек (3-2) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30-жастағы Әнуарбек OCTAGON 17 турнирінде өнер кеөрсетеді. Кеш 17 наурызда Алматыда өтеді. Қарсыласы тәжікстандық Довуд Эмомов (0-0) болады. Кездесу жеңіл салмақта өтеді. Бой Әнуарбек пен Эмомов жекпе-жегі OCTAGON 17 турнирінің бастапқы кардын ашады.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Карим Рузбакиев (5-0) Айболат Мұратұлымен (2-2) кездеседі. Файтер жартылай ауыр салмақта OCTAGON чемпиондық титулын сарапқа салады.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ұлан Тамғабаев өзбекстандық файтермен күш сынасады. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақт өтеді.

Турнирдің ресми серіктесі TURAN суы - Turan.sport, turanwater.com.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер