Футзал

Еуро-2022: Іріктеу кезеңінде Ресей құрамасы Францияны жеңді

Еуро-2022: Іріктеу кезеңінде Ресей құрамасы Францияны жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Ресей құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі матчында Франция құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5 наурызда Жорж Карпентье спорт залында өтті. Есеп 3:2.

Ресей құрамасынан Робсон Эдельсон дубль авторы атанды, тағы бір голды Иван Чишкал соқты. Франция құрамасы қатарынан Сохил Мухудин мен Лэндри Н'Гала мергендігімен көзге түсті.

Осылайша Ресей құрамасы 3 матчтан кейін 9 ұпай жинап, сенімді көш бастап тұр. Грузия құрамасы 4 ұпаймен екінші орында келеді. Одан кейін Франция (2) және Армения (1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер