Грек-рим күресі

«Маттео Пелликоне»: Ділмұхамедов пен Шадукаев кіші финалда бақ сынайды

«Маттео Пелликоне»: Ділмұхамедов пен Шадукаев кіші финалда бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық қос балуан «Маттео Пелликоне» жарысының қола жүлдесі үшін белдеседі.

Италияның Рим қаласында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінің іріктеу кезеңдері аяқталды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасынан 77 келіде Тамерлан Шадукаев пен Асхат Ділмұхамедов кіші финалға шықты.

Тамерлан Шадукаев қола жүлдені АҚШ өкілі Патрик Харрисон Смитпен сарапқа салса, Асхат Ділмұхамедов АҚШ спортшысы Пейтон Берк Уолшпен кездеседі.

Халықаралық «Маттео Пелликоне» додасының финалдық кезеңі бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:00-де басталады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер