Бокс

Василий Жиров: Қазақстанда жаттықтырушы болуға қуана келісер едім

Василий Жиров: Қазақстанда жаттықтырушы болуға қуана келісер едім
news-banner7
mobile-news-top

22 жасында-ақ әуесқой бокстан Атланта олимпиадасының чемпионы, Уэль Баркер кубогының иегері атанған Василий Жировтың қабілеті мен күшіне тәнті болған TOP Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум үш жылға екі жақты келісім шартқа қол қояды. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі 1997 жылы 18 қаңтар күні американдық Винсент Браунды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңуден басталған. Жалпы шаршы алаңда 42 жепке-жек өткізіп, 38-ін жеңген. Оның 32-сін нокаутпен жеңсе, 3 рет жеңіліп, 1 рет тең түскен. Бірінші ауыр салмақтағы IBF дәрежесі бойынша экс-чемпион атанған Василий Жиров жиырма төрт жылдан бері АҚШ-тың Аризона штатында тұрады.

– Қазіргі қазақстандық кәсіпқой боксшылардың нәтижелеріне көңіліңіз тола ма?

– Ия, көңілім толады. Керемет. Көбі өз күштерімен шыңға шығуда. Қазақстанның қолдауынсыз.

– Кәсіпқой бокстан еліміздің ең үздік он боксшын атасаңыз?

– Мен олар үшін қуаныштымын. Мына боксшыларды атап өтсем: 1. Геннадий Головкин (43-1-1); 2. Қанат Ислам (27-0-21); 3. Жанкош Тұраров (24-0-17); 4. Бейбіт Шүменов (20-2-18); 5. Батыр Жүкембаев (18-0-14); 6. Али Ахмедов (16-1-18); 7. Бахтияр Эюбов (14-2-1); 8. Мейірім Нұрсұлтанов (14-0-8); 9. Бекман Сойлыбаев (12-0-4); 10. Руслан Мадиев (13-1-5).

– Сізге Қазақстан атынан ұсыныс жолданып, кәсіпқой боксшыларды дайындауға шақырса, қабыл аласыз ба?

– Әрине, егер менің де ұсыныстарым ескерілсе, Қазақстанда жаттықтырушы болуға қуана келісер едім.

– Көптеген боксшылар сізбен кездесуден бас тартты. Соның ішінде Рой Джонс, Майк Тайсон, Эвендер Холлифилд тағы да кімді атап өте аласыз?

– Иә, рас. Менімен кездесуден көптеген боксшылар бас тартатын. Төбелеске екі сағат қалғанда, екі боксшыдан төрт боксшыға дейін ауысып кететін. Кешіріңіз, бірақ қазір олардың есімдері есімде жоқ.

– Не себепті «Балқаш жолбарысы» деген лақап атты таңдадыңыз?

– Біле білсеңіз, мен Балқаш қаласында туып-өстім. Бұрын сол Балқашта жолбарыстар өмір сүрген дейді. Қазір олардың көзі жойылып кеткен. Бір жазушы мен жайлы жазған кезде мені рингте жүргенімде жолбарысқа теңеген екен. Сол уақытта мен өзіме лақап ат қарастырып жүргем. Осы лақап ат маған лайық екен деп өзімді «Балқаш жолбарысы» деп атадым.

– Қазіргі таңда немен айналысып жүрсіз?

– Қазір жаттықтырушымын. Әуесқой боксшылар, өзі үшін бокспен айналысқысы келетін, денсаулығын күшейткісі келетін жандарды жаттықтырамын.

– Шаршы алаңды сағынып жүрсіз бе?

– Сағынып жүрмін деп айта алмаймын. Бокстан кетерде жан-жақты ойланып, барлығын есептеп кеткенмін.

– Өзіңіз туралы айта кетсеңіз?

– Өмір жалғасып жатыр. Жеке отбасым жайлы мәлімет бере алмаймын. Ол тек өзіме ғана тиесілі дүние.

– Салыстырмалы түрде қазақстандық және америкалық боксшылардың айырмашылығы қандай?

– Америкалық боксшыларда ондай бір жігер жоқ, есеп бар. Ал қазақстандық боксшыларда жеңіске деген жігер жоғарырақ.

Сұхбаттасқан Айбек МҰХАНОВ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер