ММА

Саят Абдрахманов: Жалғастың UFC-дегі жағдайы мәз емес

Саят Абдрахманов: Жалғастың UFC-дегі жағдайы мәз емес
news-banner7
mobile-news-top

Менеджер Саят Абдрахманов қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі болашағы жайлы айтты.

– Жалғастың UFC-дегі жағдайы мәз емес. Қазір ол «American Top Team» командасында дайындалу үшін Майамиге жол тартты. Әлі де болсын жағдайды 180 градусқа өзгертетін мүмкіндік бар, - деді менеджер ресейлік журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда өткен UFC 257 турнирінде Жұмағұлов төрешілердің шешімімен швециялық Амир Албазиден жеңіліп қалды. Бұл қазақстандықтың UFC-дегі екінші жеңілісі болаты. Жерлесіміз аталған лигадағы дебюттік жекпе-жегінде де төрешінің шешімімен бразилиялық Пэйведен жеңілген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер