Хоккей

«Барыс» сырт айдында «Металлургты» жеңді

«Барыс» сырт айдында «Металлургты» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Барыс» Магнитогорскіде Гагарин кубогының 1/8 финалы аясында жергілікті «Металлургке» қарсы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші матчта астаналықтар 3:1 есебімен жеңіп жатып, 4:7 есебімен жеңілген болатын. Бұл ойында «Барыс» сериядағы есепті теңестіріп, Магнитогорскіде қатарынан үш жеңіліске жалғасқан серияны тоқтатты.

«Металлург» (Магнитогорск) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан) 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - Панюков (Диц, Старченко);
1:1 - Нестрашил (Мозякин);
1:2 - Диц (Вароне, Лилья);

Қақпашылар: Олкинуора - Ортио

Сериядағы есеп: Металлург - Барыс 1:1 (7:4, 1:2 ОТ)

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер