Күрес

Маттео Пелликоне: Сұлтан Әсетұлы Ресей чемпионын мерзімінен бұрын жеңді

Маттео Пелликоне: Сұлтан Әсетұлы Ресей чемпионын мерзімінен бұрын жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен Маттео Пелликоне рейтингілік турнирі басталды. Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің өкілдері бақ сынауда деп жазады Olympc.kz.

55 келідегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорлан Жақанша үндістандық балуанды 18:8 есебімен жеңді.

60 келіде белдескен Жансерік Сәрсенбиев бірінші кезеңнен сүрінбей өтті. Ол түркиялық қарсыласымен 1:1 есебмен тең түскенімен, соңы ұпайды иеленгендіктен жеңіске жетті.

63 келідегі Сұлтан Әсетұлы алғашқы айналымда биылғы Ресей чемпионы Алексей Тадыкинді мерзіімінен бұрын жеңді. Сұлтан қарсыласын айқын басымдықпен, 12:2 есебімен ұтты.

87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов 0:3 есебімен америкалық қарсыласына жол берсе, аса ауыр салмақтағы Мансур Шадукаев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, түркиялық Риза Каялптан 2:4 есебімен жеңілді.

130 келіде белдескен Әлімхан Сыздықов чилилік спортшыға есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер