«Қайсар» сапына черногориялық футболшы қосылды

«Қайсар» сапына черногориялық футболшы қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Черногориялық жартылай қорғаушы Йован Чадженович қызылордалық «Қайсар» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Йован Чадженович жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды. Йован өткен жылы Қазақстан премьер лигасында «Тараз» сапында ойнап, жанкүйерлердің оң бағасын алған еді. Сондай-ақ черногориялық футболшы клубтық мансабында сербиялық «Телеоптик», «Партизан», «Бежания», «Земун», «Борац», литвалық «Судува» секілді командаларда доп тепкен. Қасқырлар жаңа ойыншымен жыл соңына дейін келісімге келді», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер