русский язык

ЦСКА мен «Монакода» ойнаған шабуылшы «Астанаға» ауысуы мүмкін

ЦСКА мен «Монакода» ойнаған шабуылшы «Астанаға» ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» танымал шабуылшы Ласин Траорені қатарына қосуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, елордалық клуб тәжірибелі шабуылшы іздеп отыр. Ал соңғы бес жылда өзіне лайық команда таба алмай, жыл сайын клуб ауыстырып жүрген Траоре қаржылық тұрғыдан келіссе, Қазақстанға келуі мүмкін.

Код-д'Ивуарлық 30 жастағы ойыншы ертеректе «Монако», «Эвертон», ЦСКА секілді үлкен клубтарда ойнаған. Оның соңғы командасы Түркияның Бірінші лигасында бақ сынайтын «Бандырмаспор» болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;