Футзал

Дәурен Тұрсағұлов: Қарымта кездесуде де жақсы ойын көрсетуге тырысамыз

Дәурен Тұрсағұлов: Қарымта кездесуде де жақсы ойын көрсетуге тырысамыз
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов Беларусьпен өткен матчтан кейін өз ойын ортаға салды:

- Ойын қиын болды. Беларусь құрамасы - жақсы қарсылас. Ойынды сәл баяу бастадық. Бас бапкер жылдамдықты үдете түсуді талап етті. Есеп ашқаннан кейін ойын жеңілдей түсті. Әрі қарай басымдықты уысымыздан жібермедік. Екінші таймда қажет емес голдарды жіберіп алғанымызбен, айқын жеңіске жеттік деп санаймын. Өкінішке қарай, ойынға жанкүйерлер келе алмады. Алайда, олардың қолдауын әлеуметтік желі арқылы сезіп жүрміз. Барша жанкүйерге алғысым шексіз. Қарымта кездесуде де осындай жақсы ойын көрсетіп, жанкүйерлерге қуаныш сыйлаймын деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер