Бокс

Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды

Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын екінші рет қорғайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын екінші мәрте қорғайды, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыздың кезекті қарсыласы жеңіліп көрмеген мексикалық боксшы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО).

RingPolska мәліметінше, жекпе-жек 7 мамырда Техаста өтеді. Ақпарат көзі жекпе-жек туралы келіссөздер бірнеше аптадан бері жүргізіліп жатқанын айтты.

Головкин басты назарын Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуге аударып отыр. Бірақ Канело қазақстандықпен кездесуге аса ықылас танытпай жүр. Мексикалық екінші орта салмақта қалып, абсолютты әлем чемпионы болғысы келеді. Альварес жақында ғана түркиялық Авни Йылдырымды жеңіп, супер орта салмақтағы WBC және WBA титулдарын қорғады.

WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хайме Мунгия орта салмақта екі жекпе-жек ғана өткізді. Орта салмақта ол ирландиялық Гари О’Салливан мен Багам аралдарының боксшысы Туреан Джонсонды жеңді. Соңғысымен кездесуде вакантты WBO Inter-Continental титулын жеңіп алды.

Ал Головкин былтыр желтоқсанында польшалық Камил Шереметаны жеңіп, IBF және IBO титулдарын сәтті қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер