ММА

Жұмағұлов АҚШ-қа аттанды

Жұмағұлов АҚШ-қа аттанды
news-banner7
mobile-news-top

Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін UFC файтері Жалғас Жұмағұлов Американың әйгілі клубтарының бірінде жаттығады, деп жазады Prosports.kz.

Белгілі болғандай, Жако American Top Team-да оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда өткен UFC 257 турнирінде Жұмағұлов төрешілердің шешімімен швециялық Амир Албазиден жеңіліп қалды. Бұл қазақстандықтың UFC-дегі екінші жеңілісі болаты. Жерлесіміз аталған лигадағы дебюттік жекпе-жегінде де төрешінің шешімімен бразилиялық Пэйведен жеңілген болатын.

Албазимен жекпе-жектен кейін жанкүйерлер Жұмағұловтың дайындығын сынап, оған шетелдердегі жетекші жекпе-жек клубтарда жаттығу жасауға кеңес берген.

Айта кетейік, American Top Team базасында Дастин Порье, Хорхе Масвидаль, Петр Ян, Алексей Олейник секілді танымал UFC файтерлері жаттығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер