Басқа

Орынбай: Әлем кубогының қола жүлесіне талас тартысты өтті

Орынбай: Әлем кубогының қола жүлесіне талас тартысты өтті
news-banner7
mobile-news-top

Египеттің Каир қаласында өткен стенд атудан әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар Әсем Орынбай, Ольга Панарина мен Рината Насырова қола жүлдегер атанды. Олар скит жаттығуы бойынша командалық сында үздіктер қатарынан көрінді.

Осы орайда, Әсем Орынбай қолаға қол жеткізудің оңай болмағанын айтты.

- Әлем кубогы кезеңіне ең соңғы рет осыдан бір жыл бұрын қатысыппыз. Ғаламдық індетке байланысты біраз уақыт үйде отырған жайымыз бар. Десе де, дайындықты үзген емеспіз.

Каирдегі кубоктық кезең қарсаңында Мароккода жаттығу жиынын өткіздік. Ал турнирге келер болсам, қола медальді жеңіп алу әсте оңай болған жоқ. Бұл кезде күн еңкейіп, қараңғы түсе бастаған. Сол себепті, нысаналарды анық көру қиынға түсті. Қарсыластарымызды тәжірибенің көптігінен ұттық деп ойлаймын.

Алда Үндістанда өтетін әлем кубогы кезеңі бар. Әлі де болса Олимпиада жолдамасынан үміттіміз, - дейді Әсем.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер