«Астана» бірінші нөмірді Эричтің атына бекітті

«Астана» бірінші нөмірді Эричтің атына бекітті
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командадан кеткен қақпашы Ненад Эричтің атына бірінші нөмірді бекітіп, айналымнан алды.

«Клуб басшылығының шешімімен 1 ойын нөмірі «Астана» командасының айналымынан шығарылып, келісімшарты аяқталғаннан кейін, осы маусым алдында елордалық командадан кеткен, жылдар бойы клубтың көшбасшысы мен капитаны болған Ненад Эричтке бекітілді.

​Ненад 2011 жылы «Астанамен» алғашқы келісімшартқа қол қойып, астаналық клубтың қақпашысы атанды. Қазіргі уақытта Эрич клубтағы 10 маусымда командадағы 318 ойын саны бойынша абсолютті рекордсмен атанды, оның көпшілігінде ол команданы капитан байлауымен алып шықты.

Бұдан басқа, Ненад клубтың құрғақ матчтар саны бойынша рекорд қойды, сондай-ақ оның активінде екі нәтижелі пас, АПОЭЛ-мен және «Қайратпен» пенальтидің жеңіс сериясы және кеудесінде «Астана» логотипі бар көптеген ең жарқын сейвтер бар.

«Астана» футбол клубы Эричтің еңбегін жоғары бағалайды, өйткені оның белсенді қатысуымен команда 6 чемпиондық атақты, төрт суперкубокты және екі Қазақстан Кубогын жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы тобына кірді, Еуропа Лигасының 1/16 финалында ойнады.

Біз Ненадпен қоштаспаймыз, өйткені ол әрқашан «Астана Аренада» ең сыйлы қонағымыз болады, «Кездескенше» дей отырып, капитанға барлық бастамаларында үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!», - делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер