Теннис

Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды

Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
news-banner7
mobile-news-top

Елордада теннистен Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз өтіп жатыр.

Әлемнің 96-ыншы, осы доданың 3-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған португалиялық Фредерико Феррейра Сильвамен кортқа шықты. Бұл ойында М.Кукушкин қарсыласына 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Ол бір апта бұрын да елордадағы осындай турнирде алғашқы айналымнан аса алмаған болатын. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жапониялық Татсума Итодан 4:6, 6:2, 3:6 есебімен ұтылды. Жексенбі күні төрт бірдей қазақстандық іріктеу сайыстарында-ақ жолдан шығып қалды. Ертең қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Дмитрий Попко өзара кездесіп, қай жеңгені екінші айналымға шығады.

Сондай-ақ Александр Недовесов жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған украиналық Владислав Манафовтың шамасын байқап көреді. Д.Евсеев өзбекстандық аттасы Денис Истоминмен бірге жұптық сында осы доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер