Әлем футболы

БАҚ: «Барселонаның» экс-президенті қамауға алынды

БАҚ: «Барселонаның» экс-президенті қамауға алынды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» бұрынғы президенті Хосеп Бартомеу клубтағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, тергеу нәтижелері бойынша 58 жастағы Бартомеу жеке пайда табу мақсатында клуб атынан мәмілелер жасаған.

2020 жылы функционал президенттің және клубтың басқа басшыларының беделін қорғау үшін, сондай-ақ қазіргі және бұрынғы ойыншылардың бірқатарына әлеуметтік желілер арқылы жала жабу үшін мамандар жалдаған.

Бартомеумен бірге «Барселонаның» бұрынғы бас директоры Оскар Грау және адвокат Роман Гомес Понти да қамауға алынды.

Айта кетейік, Бартомеу 2020 жылдың қазан айында «Барселона» президенті қызметінен кетті. Жаңа президент сайлауы 7 наурызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер