«Қайраттың» таныстырылымы қалай өтті

«Қайраттың» таныстырылымы қалай өтті
news-banner7
mobile-news-top

1 наурыз, дүйсенбіде Алматылық «Қайраттың» таныстырылымы өтті, деп жазады Prosports.kz.

Онлайн режимде өткен таныстырылым жайлы Prosports.kz тілшісі Нұрәлі Алтынбек шолу жасады. Оның ойынша, «Қайрат» - Қазақстандағы команданың ресми таныстырылымын әкім үшін емес, жанкүйер үшін жасайтын жалғыз клуб.

Кейбір командалар Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарынан оралмай жатып, «Қайрат» алғашқы болып жаңа маусымға арналған ашылу рәсімін жасады. Жанкүйер назарын аударуға тырысқан рәсім қазіргі жағдайға байланысты онлайн режимде өтті. Кішігім техникалық қателіктерді ескермегенде, таныстырылым рәсімі жақсы өтті.

Іс-шара «Қайрат» ФК байқау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев пен бас бапкер Алексей Шпилевскийдің алғы сөзімен басталды. Содан кейін команданың жаңа маусымға арналған ойын формасы, жаңа ойыншылар және футболшылардың ойын нөмерлері таныстырылды.

Өз алаңындағы ойын формасы:

Сырт алаңдағы формада үлкен өзгеріс бар:

Қақпашылар формасы:

Қазақстан суперкубогына қатысу үшін арнайы тапсырыс берілген форма:

Ойыншылардың көпшілігі нөмірлерін өзгерткен жоқ. Десе де бірнеше өзгеріс бар. Атап айтқанда:

- Гүлжігіт Алықұлов Ресейдің екінші деңгейлі чемпионатына ауысқан Абат Айымбетовтің 7-нөмерін алды;

- Штрели Мамба жаңа командасында 10-нөмердегі жейдемен өнер көрсетеді. Бұл нөмер былтыр Еркебұлан Сейдахметке тиесілі болған.

Осыған қарағанда Еркебұлан алматылық клубтан кеткен секілді. Оның аты команданың жаңа маусымға арналған құрамында да жоқ.

Ең қызығы Халық аспаптар ансамблі Чемпиондар Лигасының әнұранын орындады. Бұл биыл «Қайраттың» Чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысатынымен байланысты екені сөзсіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер