«Лионның» түлегі «Қайсарға» ауысты

«Лионның» түлегі «Қайсарға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайсар» футбол клубы 29 жастағы сенегалдық қорғаушы Усман Ндиайемен келісімшарт жасасты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ндиайе - франциялық «Лион» футбол клубының түлегі. Өз елінің «Арль», түркиялық «Самсунспор», «Генчлербирлиги» және «Анкараспор» клубтарында топ тепкен. Соңғы маусымын молдовалық «Шериф» командасында өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер