Акмаль Бахтияров, «Оқжетпес» экс-ойыншысы мен «Сочи» дублері. «Жетісу» үш ойыншыны қатарына қосты

Акмаль Бахтияров, «Оқжетпес» экс-ойыншысы мен «Сочи» дублері. «Жетісу» үш ойыншыны қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

«Жетісу» бірден үш футболшымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz дереккөзіне сілтеме жасап.

Жаңа ойыншылар арасында ең танымалы Акмаль Бахтияров болды. Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған футболшы «Сочиден» жалға алынды. Бахтияров ресейлік «Тамбовқа» ауысуға жақын болған, бірақ Қазақстан чемпионатына оралуға шешім шығарған.

Бахтияровтан бөлек, талдықорғандықтар «Сочиден» тағы бір ойыншыны жалға алды. 19 жастағы нигериялық Филип Иполе алдағы маусымда «Жетісу» намысын қорғайды. Қорғаушы Ресей жастар біріншлігінде ойнаған. Бұл турнирде 14 матч өткізіп, 4 гол соққан.

Тек бір ойыншымен толыққанды келісімшарт жасалды. Бұл қорғаушы Алию Абубакар болды. 24 жастағы нигериялық ойыншы өткен маусымда ҚПЛ-дің бірден екі клубында өнер көрсеткен. Басында «Шахтер» сапында ойнап, тек төрт минутқа ғана алаңға шыққан. Кейін пандемияға байланысты үзіліс кезінде Алию «Оқжетпеске» ауысып, негізгі құрамда өнер көрсетті. Көкшетаулық клубта 11 матч өткізген. Нәтижелі ойынымен көзге түспесе де, былтырғы маусымның «Ордабасыға» қарсы соңғы матчында алаңнан қуылған.

Бір қызығы, үш футболшы да футбол агенті Дмитрий Селюктің клиенті саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер