Теннис

Үстел теннисінен әлемдік додада қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды

Үстел теннисінен әлемдік додада қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

28 ақпан күні Дохада (Катар) үстел теннисінен WTT Contender кезеңі басталады. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластарының тізімін ұсынды.

Кирилл Герасименко іріктеу кезеңінің алғашқы кезеңінде Александр Ханин (Беларусь)/Филип Зелько (Хорватия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Құрамадағы ең жас Алан Құрманғалиев нигериялық Оладжиде Омотаймоға қарсы ойнайды.

Ал Анастасия Лаврова Мариям Алимен (Катар), Зәуреш Акашева Наталия Григеловамен кездеседі (Словакия). Аралас жұптық додада Алан Құрманғалиев/Анастасия Лаврова ресейлік Владимир Сидоренко/Мария Тайлакова жұбымен ойнайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер