«Қайсар» екі футболшымен келісімшартын ұзартты

«Қайсар» екі футболшымен келісімшартын ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсар» 26 жастағы голкипер Марсель Исламқұлов пен 31 жастағы қорғаушы Ілияс Әмірсейітовпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марсель Исламқұлов «Қайсар» сапында 2016 жылдан бері өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол команда сапында үш матч өткізді.

Ілияс Әмірсейітов қызылордалық клуб намысын 2017 жылдан бері қорғайлы. Бұған дейін «Жетісу», «Қыран», «Спартак», «Сұңқар» мен «Қайрат» сапында ойнаған. Өткен маусымда «Қайсар» сапында 19 рет алаңға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер