Магомед Парагульков пен Вячеслав Швырев «Ақжайыққа» ауысты

Магомед Парагульков пен Вячеслав Швырев «Ақжайыққа» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшылар Магомед Парагульков пен Вячеслав Швырев ел чемпионатының жоғарғы дивизионына оралған «Ақжайықпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы жартылай қорғаушы Парагульков өткен жылдың желтоқсан айында Кипрдің «Эрмис» клубынан кеткен болатын. Магомед мансабын «Спартакта» (Семей) бастады, ол сонымен бірге «Қайрат», «Ертіс» және «Қайсарда» ойнады.

20 жастағы шабуылшы Швырев - алматылық «Қайраттың» түлегі. Ол Қазақстанның жастар құрамасында ойнады (U17, U21). Өткен маусымда «Қайрат-Жастар» командасының намысын қорғады (11 матч, үш гол).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер