Батутта секіруден әлем кубогы шегерілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКоронавирус пандемиясына байланысты батутта секіру спорты бойынша Италиядағы әлем кубогінің өтетін уақыты өзгертілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Италия Федерациясының өтініші бойынша FIG Еуропалық комиссиясы Брешиада (Италия) өтетін 23-24 сәуірге жоспарланған әлем кубогін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.
Жарыстың өтетін уақыты жақын арада ресми хабарланады. Аталған шара 2021 жылдың маусымның бірінші аптасында өтеді деп жоспарланып отыр.