ММА

Қазақстандық файтер Расул Мирзаевке қарсы жекпе-жек неге өтпей қалғанын түсіндірді

Қазақстандық файтер Расул Мирзаевке қарсы жекпе-жек неге өтпей қалғанын түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов (10-2-0) ресейлік Расул Мирзаевке (18-3) қарсы жекпе-жегі неге өтпей қалғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың жекпе-жегі 26 ақпанда Мәскеудегі ACA 118 турнирінде өтуі керек еді, бірақ кездесу өтпеді. Оған қазақстандық файтердің салмағы лимиттен асып кетуі себеп болған. Мирзаев салмақ өлшеуден сәтті өткен, ал Шәріповтің салмағы лимиттен 4,5 келіге артық болған.

Шәріповтің айтуынша, жекпе-жекке дайындық жоспар бойынша жүрген және «қазақ халқына үлкен жеңіс сыйламақ» болған. Алайда файтер денсаулығына байланысты салмақ қуа алмаған. Атап айтқанда, бүйрегі ауырып, артық салмақты тастай алмаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер