Әлем футболы

Рамос «Реалмен» келісімшарт мерзімін ұзартады

Рамос «Реалмен» келісімшарт мерзімін ұзартады
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» капитаны Серхио Рамос клубпен келісімшартты ұзартады, деп хабарлайды El Espanol.

Газеттің хабарлауынша, тараптар 2 жылдық күші бар келісімге қол қояды. Футболшының жалақысы өзгеріссіз қалады - жылына 12 миллион еуро. Бастапқыда 34 жастағы қорғаушы жалақының өсуін талап еткен, бірақ соңында ол «Реал Мадрид» ұсынған шарттарға келіскен.

Басылым Рамостың басқа клубтардың ұсыныстарын қарастырмағанын жазды. Тараптар алдағы бірнеше апта ішінде жаңа келісімшартқа қол қояды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер