ММА

Георгий Кичигин ACA 118 турнирінде ресейлік спортшыдан жеңілді

Георгий Кичигин ACA 118 турнирінде ресейлік спортшыдан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Георгий Кичигин Мәскеуде өткен ACA 118 турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлесіміз турнирдің басты жекпе-жегінде (24-7) ресейлік Гаджимурад Хирамагомедовпен (10-4) кездесті. Файтерлер өзара екінші рет октогонға шықты. Бірінші рет 2017 жылдың мамырында шайқасты. Жартылай орта салмақтағы Fight Nights Global белбеуі үшін төбелесте қазақстандық файтер басым түскен еді.

Кешегі айқаста Хирамагомедовтың мерейі үстем болды. Үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті ресейлікке берді.

30 жастағы Кичигин мансабында жетінші мәрте жеңіліс құшты. АСА промоушенінің қанатының астында алғаш рет жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер