ММА

АСА 118. Кичигин – Хирамагомедов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

АСА 118. Кичигин – Хирамагомедов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

26 ақпанда Мәскеуде ACA 118 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық файтер Георгий Кичигин (24-6-0) Гаджимурад Хирамагомедовпен (9-4) кездеседі.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қос файтер араға төрт жыл салып қайта кездескелі отыр. Олар бұған дейін 2017 жылы FNG 65 турнирінде жұдырықтасқан. Ол кезде Кичигин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Бірақ бұл кездесудің соңғы дау-дамайға ұласты деуге болады. Ресейлік файтер ұзақ уақыт жеңілісін мойындағысы келмей жүрді. Сол үшін де реванш жанкүйерлерді қызықтырып отыр.

Бұл кеште тағы бір қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов те өнер көрсетуі керек еді. Алайда оның ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы жекпе-жегі өтпейтін болды. Оған себеп, қазақстандықтың салмағы шекті мөлшерден 4,5 келі асып кеткен.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпиондық атақ үшін Мурад Абдулаев пен Абубакар Вагаев кездеседі.

Турнир 26 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. ACA 118 турнирінің тікелей трансляциясы АСА ММА ресми сайтында көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер