Қазақстан Суперкубогы матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді

Қазақстан Суперкубогы матчтарына көрермен келуіне рұқсат етілді
news-banner7
mobile-news-top

Түркістан облысының мемлекеттік санитар дәрігері Нұрбек Нышанов Қазақстан Суперкубогы матчтарына көрерменнің келуіне рұқсат берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жаңа қаулыға сәйкес, келетін көрермен саны стадион сыйымдылығынан 30% аспау қажет. Сондай-ақ көрермендер 1,5-2 метр арақашықтық сақтауы керек.

Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Суперкубогы ойындары «Түркістан-арена» стадионында өтеді.

Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады.

Суперкубок екі жартылайфиналдық матч (2,3 наурыз), 3-орын үшін ойын (5 наурыз) және финалдық кездесуден (6 наурыз) тұрады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер