Бокс

Қоңқабаев: Эмурлаев чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізген боксшы

Қоңқабаев: Эмурлаев чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізген боксшы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) қарсыласының ауысуы туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Бірнеше күн бұрын мен Стивен Уордтың (13-1, 4КО) орнына басқа қарсылас болатынын білдім. Енді өзбекстандық Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9КО) жұдырықтасамын. Қалай болғанда да, дайынмын. Ол туралы білетінім - ол чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізген. Содан кейін біраз уақыт бокстан қол үзіп қалған. Қазір үлкен спортқа қайта оралып, ауыр салмақта жұдырықтаса бастады. Бұған дейін ол жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен.

Біз кез-келген қарсыласқа мұқият дайындаламыз. Қарсыласым әлсіз, бір-екі раундта нокаутқа түсірем деген түсінік жоқ. Кәсіпқой бокста бір соққы бәрін шешіп кетуі мүмкін.

Құдай қаласа, алдағы жекпе-жектен кейін Гамбургтегі беделді әуесқой турнирге қатысамын. Әуесқой боксты да естен шығармаймыз. Барымызды салып дайындаламыз», - деп келтіреді Қамшыбектің сөзін MTK Kazakhstan.

Айта кетейік, Қоңқабаев — Эмурлаев жекпе-жегі 27 ақпанда Алматыда өтеді. Бұл жекпе-жекте бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific титулы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер