Хоккей

«Куньлунь» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы

«Куньлунь» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында қытайлық «КуньЛунь» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан командасы тұрақты маусым соңында «Автомобилист» және «Торпедомен» Шығыс конференциясының алтыншы орнына таласып жатыр. Соңғы кездесуде Юрий Михайлис шәкірттері «Ак Барстан» овертаймда жеңіліп қалған болатын.

Қытайлық ұжым тағы да жеңіліс сериясын бастады. 18-22 ақпан аралығында «Куньлунь» негізгі уақытта қатарынан үш матчта жеңіліп қалды. Өз айдынынжа СКА-ға қарсы ойында команда 3:0 есебімен алға шыққанымен, матч соңын сәтсіз өткізді. «Қызыл жұлдыз» негізгі уақыттың аяқталуына 16 секунд қалғанда төртінші әрі шешуші шайбаны жіберіп алды (3: 4).

«Куньлунь» - «Барыс» матчы елорда уақытымен 22:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер